8(7292)219-902

ҚР, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы, Илі шаруа қожалығы, 100 құрылыс

СКҚ

Сорғы-компрессорлық құбырлар (СКҚ)

«Шыны пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС шыны пластикалық сорғы-компрессорлық құбырларды шығаруды сонау 2005 жылы игерген болатын. Сол кезде құбырлардың тәжірибелік партиясы шығарылды. Бүгінгі күнге дейін Қаламқас кен орнының 2188 ұңғымасында осы құбырлардан аспа жұмыс істейді. Бұл ұңғыма мұнайшылар үшін жиі түсіру-көтеру операцияларын жүргізу қажеттілігінің жоқтығының және шыны пластикалық СКҚ тозуының болмауының арқасында көп мөлшерде қаражатты үнемдеді.

Шыны пластикалық СКҚ болатпен салыстырғанда көптеген артықшылықтарға ие:

  • шыны пластикалық құбырларды пайдалану мерзімі 25 жылдан астам;
  • шыны пластикалық СКҚ жемірілмейді, өйткені құбыр материалы қышқылдармен, сілтілермен, олардың тұздарымен, сондай-ақ күкіртті сутегімен және басқа да агрессивті заттармен өзара әрекеттеспейді;
  • шыны пластиктен жасалған құбырлардың салмағы болаттан 4 есе аз, бұл ретте шыны пластикалық СКҚ үлестік беріктігі болатқа қарағанда жоғары;
  • шыны пластикалық СКҚ қабырғаларында парафиннің, тұздардың және т. б. шөгінділері байқалмайды.;
  • ішкі қабырғалардың тегістігінің арқасында шыны пластикалық СКҚ болатқа қарағанда гидрокедергісі аз болып келеді ;
  • экрандамайтын материал болып табылады;
«Шыны пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС ішкі шартты диаметрі 63 мм (болат СКҚ аналогы 73 мм) және  муфталы қосылыстары 100 мм болатын шыны пластикалық СКҚ шығарады.