8(7292)219-902

ҚР, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы, Илі шаруа қожалығы, 100 құрылыс

Біз туралы

Тарих 

Сіздерге Біздің кәсіпорынды - мұнай-газ секторы, сондай-ақ біздің өңірдің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерін өз өнімімен қамтамасыз ететін Қазақстандағы шыны пластик (шыны талшықты, fiberglass pipes) құбырлардың танымал өндірушісі ретінде ұсынуға қуаныштымыз. 

«ШПҚЗ» ЖШС ҚР СТ 2307-2013 «Шыны пластикалық құбырлар және фитингтер. Техникалық шарттар» және ҚР СТ 3127-2017 «Шыны пластиктен жасалған құбырлар мен фитингтік бұйымдары. Кеңейген тиекті құлыпты қосылыс және фиксаторы бар қосылыс»  ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін құбырларды шығарады, олар МЕМСТ 53201 – 2008 ресейлік стандартының ерекшеліктеріне негізделген және талаптарына сәйкес келеді. Бұл стандарттар мұнай-газ ісі саласындағы ең прогрессивті болып табылады, бұл Солт – Лейк-Сити, Юта (АҚШ) штаты «ENTEC»,  фирмасының қазіргі заманғы технологиялық желісі мен жабдықтарында шығарылатын шыны пластикалық өнімдерінің жоғары сапасына кепілдік береді. 

 

Шыны пластикалық құбырлардың қызмет ету мерзімі 50 жылға дейін болады, коррозияға ұшырамайды, электр өткізбейді, төмен жылу бергіші болады. Құбырлардың ішкі тегіс қабырғалары әртүрлі қоспалардың оған жабысуын болдырмайды. Жұмыс қысымының ауқымы  22-ден 152 атм-ге дейін, жұмыс температурасының ауқымы  -40°С-тан 90°с-қа дейін (қысқа мерзімді 110 °С-қа дейін).

17 жыл ішінде «ШПҚЗ» ЖШС 4 400 км жуық шыны пластикалық құбырларды шығарды, осылайша зауыт үздіксіз мұнай өндіруді қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Осы уақыт ішінде мұнайшылар шыны пластикалық құбырлардың болат құбырлары алдында құбырлардың үзілуі жағдайларының азаюы, экологиялық жағдайды жақсарту, монтажшылардың жұмысын жеңілдету тұрғысынан басымдықтарын атап өтті, өйткені шыны пластикалық құбырларды монтаждау үшін қымбат тұратын техника да, арнайы жабдықтар да қажет емес.


Болат құбырлардың орнына шыны пластикалық құбырларды пайдаланудың болашағы мен пайдасы қосындыланған болаттардың ең үздік маркаларына қарағанда, бірқатар беріктік көрсеткіштері бойынша олардың айқын артықшылықтарынан тұрады. Қазіргі уақытта болат құбырларының құны шыны пластикалық құбырларына қарағанда жоғары. Кен орындарында біздің кәсіпорынның шыны пластикалық құбырларын қолдану миллиардтарды үнемдеуге мүмкіндік береді және сапасы мен ұзақ мерзімділігіне кепілдік береді. Осы кепілдіктердің кепілі қазіргі заманғы технологияларды, жаңғыртылған жабдықтарды қолдану, ұлттық стандарт талаптарына және сапалы арзан емес шикізаттың сәйкестігі болып табылады. Бұған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС,

«Өзенмұнайгаз» АҚ кен орнында, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Монтажспецстрой» АҚ, «Қарашығанақ» кен орнында, «Қарақұдықмұнай» ЖШС және т. б. сияқты компаниялар көз жеткізді.

Қазіргі уақытта «ШПҚЗ» ЖШС өндірістік саладағы Қазақстанның үздік кәсіпорындарының бірі болып табылады. 2016 жылы 3-ші цехтың іске қосылуымен кәсіпорынның өнімділігі екі есеге артты, бар болғаны 2018 жылдың өзінде 470 км шыны пластикалық құбырлар шығарылды.

«Шыны пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС ұзақ қарым-қатынас жасау мақсатында Сіздерді және Сіздің мамандарыңызды біздің кәсіпорынға келуге және шыны пластикалық құбырлар өндірісімен танысуға шақырады. Ең жақсы шарттар мен тек жоғары сапалы өнімді уақтылы жеткізуге кепілдік береміз. Өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. 

Электронный буклет завода Скачать файл (PDF, 1.81 Mb)

Біздің клиенттер